Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатыр және салаға инвестициялар тартудың жаңа тетігін көрсетеді.
«Біз тұрақты динамиканы көріп отырмыз: фармацевтика секторы 10%-ға өсуді, ал инвестиция көлемі 2 есе өсуді көрсетеді. Бұл жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі», деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Аталған министрліктің мәліметінше, келісімнің негізгі параметрлері мынадай:
- Ивестициялардың жалпы көлемі – 40 млрд теңге;
- Ағымдағы келісімнің шеңберінде әлеуметтік маңызы бар 17 препарат және дәрілік заттардың 40 атауы көзделген;
- Жаңа өндірістің құрылысы 2026 жылы басталады;
- Өндіріс GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
«Біздің міндетіміз – елді сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан өңірлік фармацевтикалық хабқа айналатын жағдайлар жасау. Бұл үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған», деді ведомство басшысы.
Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды
Жобаны іске асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтеді, экспорттық әлеуетін кеңейтеді және Қазақстанның өңірдегі фармацевтикалық өндіріс орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?