е
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Еліміз дінаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады
Ашхабад форумында Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасының маңызына тоқталып, бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз
Ашхабад форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қолдайды
Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
Ашхабад форумындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад форумына қатысты
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет
Ашхабадта өткен форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» университет оқытушыларын баспанамен қамтуға көмектеседі
Ақтауда Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушы профессор құрамы «Отбасы банктен» қолжетімді ипотека алып, баспаналы бола алады. Бұл «Корпоративтік» бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. «Отбасы банктің» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен университет ректоры Берік Ахметов аталған бағдарламаны іске асыру жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинадағы сайлауды атысты тоқтату шартымен өткізуге дайын
Украина Президенті Владимир Зеленский елдегі президенттік сайлауды өткізу үшін дауыс беру кезінде атысты тоқтату керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA рейтингінде көш бастады
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысып, 5 адам жарақат алған
Қарағанды қаласы маңындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүк пойызына соғылып, 5 адам зардап шекті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад қаласындағы Конгресс орталыққа барды
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы халықараралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Ресей Байқоңырға қатысты маңызды шешім қабылдады
Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы жуырда болған зымыран ұшырылымы кезінде зақымданған платформаны толық ауыстыруды жоспарлап отыр. Яғни, бүлінген қызмет көрсету платформасының орнына қордағы резервтік платформа орнатылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды
Отбасы банк ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын делдалдар арқылы шығарып жүргеніне алаңдаулы екенін білдірді. Банк сонымен қатар, пластикалық операцияларға зейнетақыдан артылған қаржыны пайдалану бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2025
Әдеби байқаудың жеңімпаздары анықталды
Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған ІІ «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Бристоль музейіндегі 600-ден астам құнды экспонат қолды болған
Тонаушылар музей қоймасынан Британ империясының тарихына арналған коллекциядағы әскери реликвияларды, зергерлік әшекейлерді, қазба қалдықтарын және піл сүйегінен, қола және күмістен жасалған мүсіншелерді ұрлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 12 Желтоқсан, 2025
Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Түркияда жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңес жаңа ережелер енгізіп, қонақүйлерге тіркелу кезінде паспорттарды көшіруге тыйым салды. Енді турист қонақүйге келгенде тек өз құжатын көрсетуі қажет, ал қажетті мәліметтер (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және басқа ақпарат) тікелей Ішкі істер министрлігінің біріккен электрондық жүйесіне (YAZOK) енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында полиэтилен зауытының құрылысы жүріп жатыр
«Силлено» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ірі габаритті бағаналарды дайындау үшін жергілікті зауытпен келісімшарт жасалған. Қазір «АтырауМұнайМаш» ЖШС-нің қызметкерлері техникалық күрделілігі жоғары ірі габаритті екі бағананы құрастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2025
Биыл елімізде 821 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енеді?
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа критерийі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Көк тумен көмкерілген дүкен: Кәсіпкердің ерекше бастамасы ел тұрғындарын қуантты
Елордадағы шағын дүкеннен басталған қарапайым ғана идея Тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл елге үлгі болып, ұлттық реңк беретін жаңа челленджге ұласты. Көк туға деген құрметтен туған бұл әрекетке ел тұрғындары ғана емес, шетелдік белсенділер де қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесті. Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2025
12 жастағы оқушы экология туралы кітап шығарды
Қарағанды қаласының 12 жастағы тұрғыны экология тақырыбына арналған ертегілер сериясын шығарды. Бүгін бұл жинақ елордада таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
10 желтоқсан күні Нью-Делиде өткен ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының дәстүрлі киіз үйлері адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар Өзбекстанның ұсынысы бойынша қобызды жасау және орындау өнері де осы тізімге енді, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Үкіметі педагог даярлау ісіне бақылауды күшейтеді
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.