Сенатор А.Нұғманов сөзінде батыр қыздың өмір жолы мен ерлігі Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына адамгершілік пен намыстың бағдары екенін атап өтті. Оның есімі елді мекендер мен көшелерге, мемориалдар мен естелік орындарға беріліп, мәңгілікке ұлықталған. Ал Әлияның жарқын бейнесі әдебиет пен өнерде көрініс тауып, халық жүрегінде мәңгілік рухани құндылық ретінде сақталып келеді.
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
«Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі − Тәуелсіздік ұрпақтары үшін мәңгілік сабақ. Батырдың құрметіне Ақтөбе облысындағы ауыл, Астана мен еліміздің басқа да қалаларындағы көшелер аталды, сондай-ақ оның есімі Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында да мәңгілікке айшықталған. Батыр қаза тапқан жерде мемориалдық кешен бой көтерді, ал оның жарқын бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында көрініс тапты», деді сенатор.
Бұл еңбекте батырдың Ленинградтағы оқу жылдары, майдандағы ерлігі, замандастары мен қаруластарының естеліктері, туған-туыстарының әңгімелері жинақталған. Сондай-ақ жинаққа Әлия Молдағұлованың есімі берілген көшелер, білім беру және мәдениет нысандары, ескерткіштер туралы мәліметтер, сонымен қатар батыр бейнесін жырға қосып, өнер туындыларына арқау еткен ақын-жазушылар мен суретшілердің шығармалары енген.
«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды
Айта кетейік, энциклопедиялық жинақтың авторлары − сенатор Амангелді Нұғманов пен тарих ғылымдарының докторы Абай Тасболатов.