Президент • 26 Қаңтар, 2026

Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ

Фото: Ақорда

Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет екенін айтты.

«Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ», деді Президент.
Бұған дейін Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырғанын хабарлағанбыз. 
Соңғы жаңалықтар