фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Ол аталған мәселеге асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын айтты. Әкімнің айтуынша, болған жағдайға тиісті құқықтық баға тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.
«Тәртіп бұзушылық бар, және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар заң талаптарына қатаң сәйкес, үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», деді облыс әкімі аппараттық кеңес барысында.
Облыс әкімі барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне тоқталды.
«Қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет», деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.
Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді