ел
Аймақтар • Кеше
Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • Кеше
Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды
Биылғы төрт айдың ішінде есірткі қылмыстары үшін 76 шетел азаматы ұсталған, олардың ішінде 23-і есірткі сатқаны үшін, 3-еуі аса ірі көлемде сақтағаны үшін, 29-ы контрабанда дерегі бойынша жауапқа тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • Кеше
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Қазақстан экономикасында шағын және орта бизнестің (ШОБ) салмағы артып отыр. Mastercard пен KPMG жүргізген зерттеуге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі ЖІӨ-нің шамамен 40%-ына жеткен, ал секторда 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 50%-дан астамы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Кеше
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Алматыда болған жаппай жанжалдан кейін полиция оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Абай облысындағы инфрақұрылымды жаңғырту үшін Үкімет резервінен қомақты қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, мереке күндері елдің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігіне шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға қаланың орталық көшесінде болған. Дәрігерлер бригадасы екінші санаттағы шақыртуға бара жатқан, сол сәтте көлікте арнайы дабыл шамдары қосулы болған. Жол апаты жаяу жүргіншілер өткелінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2026
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор, «Жер аманаты» партиялық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов соңғы 4 жылда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қанша қаржы жұмсалады?
Бүгін Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындық барысы мен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны» жүзеге асыру туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 1/8 финалға шықты. Енді ұлттық құрама ширек финал жолдамасы үшін шешуші кезеңде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Мамыр, 2026
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Америкалық киноакадемия кино саласында жасанды интеллектіні қолдануға қатысты жаңа талаптарды бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, «Оскар» сыйлығына ұсынылатын сценарийлерді толықтай адам жазуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Алдағы уақытта жасанды интеллект өнеркәсіпке енгізіледі
Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Президент Кеңестің келесі отырысында жасанды интеллектіні өнеркәсіпке енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 04 Мамыр, 2026
Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Павлодар облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған жасырын арна анықталып, полиция тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жастың қатысуымен көшеде төбелес болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде суық қару қолданылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Мамыр, 2026
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында көше тәртібін қадағалау үшін роботтандырылған полицейлер қызметке кірісті. «Ақылды» патрульдер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін сақтауын бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2026
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Маңғыстау облысындағы «Бейнеу–Ақтау» тасжолында швейцариялық саяхатшылар мінген көлік апатқа ұшырады. Күтпеген жерден аударылған көліктің ішінде екі шетел азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Теңіздегі тексеріс: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде көші-қон қызметінің мамандары шетелдік азаматтардың республика аумағында болу заңдылығын тексеру мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2026
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан клубтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қазақстанда медициналық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен түлектер резидентураны міндетті түрде өтпей-ақ жұмысқа кірісе алады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Сәуір, 2026
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Астанада А.Байтұрсынов пен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Ұлттық банк төл валютамыздың шетелдік ақша бірліктеріне қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
ҚТЖ мерекелік демалыстарға қатысты үндеу жасады: Пойыз кестесі өзгере ме?
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік мерекелер, демалыс және мектеп демалыстары кезеңдерінде пойыздарда жүктеме артатынын мәлімдеді. Осыған орай компания жолаушылар назарына тасымалдау ережелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Жетісу тұрғыны қоқыстан табылған елтаңбаны үйіне іліп қойғаны үшін жазаланды
Жетісу облысының Ақсу ауданында полиция жергілікті блогер Данияр Бейісқалиге айыппұл салды. Ол төрт жыл бұрын қоқыс полигонынан мемлекеттік елтаңбаны тауып алып, оны тазалап, үйіне іліп қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Елтаңбаны қоқыстан алып шыққан блогер айыппұл арқалады
Жетісу облысы Ақсу ауданында блогерге төрт жыл бұрын жасаған әрекеті үшін 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 29 Сәуір, 2026
Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр
Украина президенті Владимир Зеленский Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенкомен өткізген кеңестен кейін Ресей тарапы жаңа шабуыл операцияларын жоспарлап, қосымша адам күшін тартуға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.