Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10

Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық киноакадемия кино саласында жасанды интеллектіні қолдануға қатысты жаңа талаптарды бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, «Оскар» сыйлығына ұсынылатын сценарийлерді толықтай адам жазуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт

Фото: Ашық дереккөз

Киноакадемияның шешіміне сай, актерлік номинацияларға үміткерлер тек адам орындаушылар болуы керек. Яғни, басты талаптардың бірі – рөлдің нақты актердің қатысуымен орындалуы және оның келісімінің болуы. Бұл өзгеріс жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе толығымен цифрлық тәсілмен құрастырылған кейіпкерлердің номинацияға қатысуын шектейді.

Сонымен қатар фильмдерде технологияларды қолдану әрбір жағдайда жеке қарастырылатын болады. Киноакадемия өкілдері шығармашылық процесте басты рөлді адам атқаруы тиіс екенін атап өтті.

«Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Жаңа ережелер 99-шы «Оскар» салтанатынан бастап күшіне енеді. Ол келесі жылдың наурыз айында өтеді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, актерлерге бір санатта бірнеше рөлмен номинацияға түсуге рұқсат беріледі. Ал халықаралық кино номинациясы бойынша бір елден бірнеше фильм ұсынуға мүмкіндік жасалады.

Соңғы жаңалықтар