Оқиға • Бүгін, 09:28

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға қаланың орталық көшесінде болған. Дәрігерлер бригадасы екінші санаттағы шақыртуға бара жатқан, сол сәтте көлікте арнайы дабыл шамдары қосулы болған. Жол апаты жаяу жүргіншілер өткелінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жүргізуші оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

«Әйелге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, ол қалалық аурухананың травмпунктіне жеткізілді. Болған жағдайға өкінеміз. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, арнайы көліктерге жол беруді сұраймыз», деді Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді

Айта кетейік, Қазақстанда жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болатын жол апаттары жиілеген. Мәселен, биыл ақпанда Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, екі адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар