Ақ
Оқиға • Бүгін, 17:19
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтауда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында (СТО) ірі өрт шығып, екі адам ауыр жарақат алды. Өрт салдарынан станцияның екі боксы отқа оранып, бірнеше автокөлік толығымен жанып кеткен. Өңірлік ТЖД мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен Вашингтонда алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ақылы жолда жүру ақысын төлеу тәртібі биылғы 30 қаңтарда өзгерді. Бұрын Алматы облысының Іле ауданы аумағындағы балама жолы жоқ елді мекен тұрғындары (Заречное ауылы мен Байсерке саяжай секторы) бұл жол бөлігімен тегін жүретін. Енді жеңілдікпен жүру құқығы Жетіген ауылының негізінде жаңадан құрылған Алатау-сити тұрғындарына беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 09:35
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 6 ақпандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 6 ақпанда Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзиттелетін ресейлік газ көлемі жүйелі түрде артып келеді. Бұл жоба Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, елдердің өнеркәсіптік дамуына серпін береді, бизнес ахуалды жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстанның Мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары кезінде екі ел басшылары арасындағы келісімдердің нәтижесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Кеше
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Былтыр Қазақстан мұнайы 29 мемлекетке экспортталып, ұлттық экономиканың валюталық түсімінің жартысынан астамын қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді. 5 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
«Таза Қазақстан» жаңа Конституцияның өзегіне айналмақ
Елімізде экологиялық сананы қалыптастыру жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағытына айналып отыр. Бұл ұстаным жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова экологиялық ойлау принциптері жастар тәрбиесі мен адами капиталды дамытуға тікелей әсер ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Астанада Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтіп, онда ел дамуының келешегін айқындайтын Конституцияның жаңа жобасы жан-жақты талқыланды. Офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшылар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабралайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты
Пәкістан Қазақстанда өндірілген 600 электробусты сатып алады. Жалпы құны 108 млн долларды құрайтын бұл келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Исламабадқа ресми сапары аясында жасалып, екі ел арасындағы ең ірі өнеркәсіптік келісімдердің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
Исатай аудандық прокуратурасының қызметкерлері 7 кәсіпкерлік субъектісінде жұмысшылармен жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарты жасалмағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Варшавада өткен ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның жоғары деңгейдегі форумына қатысты. Әлемнің 33 елінен, сондай-ақ АҚШ пен Канададан делегаттар жиналған бұл жиында Қазақстанның саяси реформалары мен жаңа Конституция жобасы кеңінен таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Ақпан, 2026
Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Қазір елде қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, біздің айтқандарымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды
Ақтөбеде 52 жастағы ер адам интернет-алаяқтардың құрығына екі мәрте түсіп, ақшасынан айырылды. Бастапқыда 7 млн теңгеден айырылған ол кейін ұрланған ақшаны қайтаруды уәде еткендерге сеніп, тағы 400 мың теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды
АҚШ күштері Арабия теңізінде Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесіне жақындаған ирандық «Shahed-139» ұшқышсыз ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты
Үндістанның ірі әуекомпанияларының бірі IndiGo ақпан айының соңына дейін төрт халықаралық бағыт бойынша, соның ішінде Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Ақпан, 2026
Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?
Елдегі Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Францияға жұмыс сапары аясында Парижде мемлекеттік органдар мен француз атом саласындағы жетекші компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген кешенді тексерулер салада жүйелі заңбұзушылықтардың бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл мәселесі қайта қаралды. Қоғамда айтылып жүрген сауалдарға жауап берген сарапшылар негізгі заңда қазақ тілінің орны өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі
2026 жылғы 29 қаңтардан бастап еліміздегі республикалық маңызы бар 14 ақылы жол учаскесінде төлемақыны есептеудің жаңа тәртібі күшіне енді. Енді жолдың ақауы бар тұстары үшін ақы алынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды
Павлодар облысы Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Алматыда спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Ақпан, 2026
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
3 ақпанға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның батысында және солтүстігінің жекелеген өңірлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Ел аумағы бойынша синоптикалық жағдайды «Қазгидромет» жариялады, деп жазады Egemen.kz.