Әлем • Бүгін, 10:20

Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазы арқылы кемелерді алып жүру операциясы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім Иранмен келіссөздердегі «елеулі ілгерілеуге» байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты

Ақ үй басшының сөзінше, екі ел арасындағы келісімде айтарлықтай прогрестерге қол жеткізілген. 

«Иранмен толық әрі түпкілікті келісімге келу бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар. Осыған байланысты Ормұз бұғазы арқылы кемелер қозғалысын қамтамасыз ететін «Свобода» жобасын қысқа мерзімге тоқтата тұруға келістік», деп жазды Дональд Трамп өзінің Truth Social платформасында.

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

АҚШ әкімшілігі нақты қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және үзіліс қанша уақытқа созылатынын нақтылаған жоқ. Иран тарапы әзірге бұл мәлімдемеге жауап бермеді.

Айта кетейік, Project Freedom операциясы 4 мамырда басталған. Осы уақыт ішінде АҚШ әскери күштерінің қорғауымен бірнеше сауда кемесі Ормұз бұғазы арқылы өткен. Бұл аймақ арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 20 пайызы өтеді.

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды

Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде жағдай шиеленісіп тұр. Елдің әуе қорғаныс жүйелері қатарынан екі күн бойы Иран тарапынан ұшырылды делінген зымырандар мен дрондарға тойтарыс берген. Алайда Иран бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар