Энергетика • Бүгін, 11:13

«Самұрық-Энерго» 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Самұрық-Энерго 2026 жылы энергетикалық нысандарда кең көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 111 бірлік негізгі жабдық пен 19,5 шақырым жылу магистралін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Энерго» 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді

Компания басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында алдағы жөндеу науқаны мен инвестициялық жобалар туралы баяндады.

Жоспарға сәйкес, 19 жабдық күрделі жөндеуден, 5-еуі кеңейтілген жөндеуден, ал 87-сі ағымдағы жөндеуден өтеді. Қазір жұмыстардың 26%-ы аяқталып, 14%-ы жүргізіліп жатыр, қалған бөлігі кестеге сай атқарылады.

Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Негізгі жобалар қатарында Екібастұз ГРЭС-1 нысанында отын беру жүйесін жаңарту және жаңа түтін мұржасын салу, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2 стансасында күл шығару жүйесін толық ауыстыру бар.

«Самұрық-Энерго» стансалары еліміздегі электр энергиясының үштен бірін өндіреді. Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» компаниясы тұрақты пайдалану дайындығын қамтамасыз ете отырып, ағымдағы және күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізу үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етіп жатыр», деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар Алматы қаласында ЖЭО-2 мен Батыс жылу кешенін байланыстыратын 19,5 шақырымдық жылу магистралін қайта жаңғырту жоспарланған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар