Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
760 материал табылды

Қоғам • 25 Ақпан, 2026

«Boran – Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме

Астана қаласында OzgeEpic креативхабының бастамасымен суретші және сәулетші Әсел Есжанованың «Boran − Буран» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды. Жоба қоғамның мәдени жадын, автор өмірбаянын, ғарыш және метафизикалық кеңістік тақырыптарын тоғыстырып, көрерменді визуалды және дыбыстық саяхатқа жетелейтін көркемдік оқиға ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 20 Ақпан, 2026

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Гиннесс рекордтар кітабы мәліме­тінше, әлемдегі ең ұзақ уақыт үзілмей көрсетіліп келе жатқан анимациялық телесериал – жапондық «Садзаэ ханым» туындысы.

Ғалам ғажаптары • 20 Ақпан, 2026

98 түрлі «Күлше қыз»

«Guinness World Records» дерегіне сүйенсек, экранда ең көп бейімделген сюжет «Күлше қыз» ертегісіне тиесілі. Шығарма желісі әр дәуірде қайта жаңғырып, көрерменге кино, теленұсқа, анимация секілді сан қырлы нұсқада ұсынылып отырған.

Ғалам ғажаптары • 20 Ақпан, 2026

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Француз жазушысы әрі ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасындағы» суреттер сондай әсерлі. Бұл келісті кескіндерді автордың өзі салған. Бәлкім, сол сөйлеп тұрған суреттердің әсері шығар, Гиннесс рекордтар кітабы бұл туындыны ең көп тілге аударылған рекорд ретінде тіркеген.

Digital • 13 Ақпан, 2026

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы үздік бастамаларды таныстырып келеді. Солардың ішінде Нұрәли Исмағұлов негізін қалаған «Metaclinic.kz» жүйесі айрықша көзге түсті. Бұл цифрлық емхана арқылы дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Пайдаланушы сайтқа кіріп, мазалаған мәселесіне қарай дәрігерді таңдайды. Содан соң уақытын белгілеп, төлем жасайды. Кейін мамандар қоңырау шалып, кеңес береді. Бұл жай ғана «чат­тағы кеңес» емес, заңды әрі жүйелі медициналық қызмет ретінде ұсынылады. Айтпақшы, қызмет бағасы – бар болғаны мың теңге. Сапалы әрі қолжетімді жоба қазірдің өзінде көпшілік көңі­лінен шығып отыр.

Ғалам ғажаптары • 12 Ақпан, 2026

14 жасында чемпион

Олимпиада чемпионы болу – әр спорт­шының арманы. Кейде сол арман­ға мектеп жасындағы жасөспірім­дер де қол жеткізеді. 2024 жылғы Па­риж Олимпиадасында аустралия­лық скейт­бордшы Ариса Трю небәрі 14 жа­сында әйелдер ара­сындағы «парк-скейт­бординг» сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Ғалам ғажаптары • 12 Ақпан, 2026

13 жасында миллионер

Голливуд тарихындағы ең атақты балалардың бірі – америкалық киноактер Джеки Куган. Ол үнсіз кино дәуірінде-ақ дүйім жұртқа танылып, 13 жасында өз күшімен миллио­нер атанған ең жас адам ретінде Гиннестің рекордтар тізіміне енді.

Ғалам ғажаптары • 12 Ақпан, 2026

12 жасында гроссмейстер

Шахматтағы ең жоғары атақ – гроссмейстер. Оған жету жолында үздіктермен сайысып, бірнеше кезеңнен өту керек. АҚШ шахматшысы Абхиманью Мишра осы атаққа 12 жас 4 ай 25 күнінде қол жеткізіп, әлемдік рекорд орнатты.

Ғалам ғажаптары • 11 Ақпан, 2026

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Әлемдегі ең жылдам әрі ең көп сатылған көркем кітап рекорды «Хәрри Поттер мен ажал сыйлары» романына тиесілі. 2007 жылдың 21 шілдесінде шыға салысымен бұл кітаптың 8,3 млн данасы сатылып кеткен.

Ғалам ғажаптары • 11 Ақпан, 2026

Ең үлкен кітап дүкені

«Guinness World Records» дерегіне сүйенсек, әлемдегі ең үлкен жеке кітап дүкені – Нью-Йорктегі «Barnes & Noble» дүкені болған. Бұл мекеменің жалпы аумағы 14 300 шаршы метрді құраған.

Яндекс.Метрика