Қоғам • Кеше
Дәстүр мен технологияның тоғысы
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында биыл елімізде Наурыз жаңаша сипатта тойланып жатыр. Соның айқын көрінісі – «Digital Nauryz» бастамасы. Бұл жоба арқылы Наурыз алаңдағы думанмен ғана шектелмей, онлайн әлемге де көшті. Виртуалды киіз үйлер, цифрлық көрмелер, ұлттық ойындардың мобильді нұсқалары, тіпті жасанды интеллект көмегімен жасалған интерактивті контент – жаңа форматтағы мерекенің көрінісі. Әсіресе жастар үшін бұл – дәстүрді танып-білудің қызықты жолы.
Digital • 20 Наурыз, 2026
Қазір қаржы қызметі бұрынғыдан мүлде өзгеше сипат ала бастады. Банктер мен инвестициялық компаниялар атқаратын бірқатар қызметті цифрлық платформалар алмастырып, жасанды интеллект қаржылық талдаудың жаңа құралына айналды. Мұндай үрдісті бүгінде «финтех» (fintech) деп атайды. Бұл атау ағылшынның financial technology – «қаржылық технология» деген сөзінен шыққан. Аталған сала қазір төлем жүйелерімен ғана шектелмей, инвестициялау, бизнес қаржысын басқару, капиталды талдау секілді бағыттарды да автоматтандырып келеді. Мәселен, «Finflow», «Paidax», «Investbanq» сияқты отандық финтех стартаптар жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Телемарафон – ашық пікір алаңы
Астанадағы Қазмедиа орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Референдум-2026» онлайн-марафонын ұйымдастырды. Іс-шара таңғы сағат 9.00-ден басталып, түнгі 1.00-ге дейін жалғасты. 16 сағатқа ұласқан телемарафон алаңында депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері, белсенді жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобаларды таныстырды.
Digital • 14 Наурыз, 2026
«Armeta AI»: Құрылыстағы ақылды сарапшы
Кейінгі жылдары әлемде «DeepTech» деп аталатын бағыт ерекше қарқын алып келеді. Бұл ғылыми жаңалықтар мен күрделі технологияларға негізделген инновациялық бағыт. Мұндай стартаптар жасанды интеллект модельдері, биотехнология, роботтехника немесе кванттық есептеулер сияқты салаларға сүйенеді.
Білім • 14 Наурыз, 2026
Білім саласындағы бірегей жоба
Жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Осындай ізгі ниетпен мемлекетіміз балаларға, олардың сапалы білім алуына баса назар аударып келеді. Кейінгі алты жылда елімізде 1 миллион оқушыға арналған 1000-нан астам жаңа мектеп бой көтерді.
Сатира • 13 Наурыз, 2026
Сатира – тәрбие құралы. Ал тәрбие тал бесіктен басталады. Балаға кемшілігін жекіп түсіндіргеннен гөрі, оны жылы юмормен жөнге салу әлдеқайда ұтымды. Сондықтан болар біршама сатирик балалар әдебиетінде қалам тербеген. Шона Смаханұлының «Шимайбек пен Шыңқетпе», Оспанхан Әубәкіровтің «Қағаз қалпақ», Көпен Әмірбектің «Алып» секілді кітаптары жас оқырман арасына кеңінен тарады. Өйткені көңілді өлең бала бойына сіңімді келеді.
Digital • 11 Наурыз, 2026
«Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың: «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол – шамшырақ. Тек жаға білу керек», деген сөзі қашанда өзекті. Алайда қазір мектептегі мұғалімдердің алтын уақытын түрлі құжат пен жоспар, есеп-қисап жұтып қоятыны жасырын емес. Қағазбастылықты азайтуға бағытталған талпыныстар болғанымен, күрмеуі қатты бұл түйткіл әзірге шешілген жоқ. Дегенмен осы мәселенің түп-тамырын жоюды көздеген цифрлы жобалардан үміт күтеміз. Мәселен, «Shyraq AI» – жасанды интеллект арқылы мұғалімнің күнделікті жұмысын едәуір жеңілдететін платформа. Кейінгі екі жылдың ішінде 55 мың мұғалім осы жүйеге тіркеліп, қызығын көріп отыр.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Кейінгі жылдары қашықтан білім алу қалыпты үрдіске айналды. Ал осыдан бес-алты жыл бұрын онлайн оқуды көпшілік аса мойындай қоймаған еді. Сол уақытта батыл қадамға барып, білім саласына білек сыбана кіріскен жастың бірі – Жұлдызай Мұсаева. Қазір ол негізін қалаған «JUZ40» компаниясы бүгінде еліміздегі ең ірі «EdTech» жобалардың біріне айналды. Аталған компания жыл сайын мыңдаған талапкердің ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, қалаған оқу орнына грантқа түсуіне жол ашып келеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
«Қызды гүлге теңеп жазған ең бірінші ақын – нағыз ақын», депті түркі халықтарының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында, гүл мен ару – егіз ұғым. Раушан, Қызғалдақ, Нарғыз, Қалампыр, Райхан секілді есімдер нәзік жандыларға ғана жарасқан соң қойылады. Гүл сөзі біріккен ару аттары қаншама? Әрбір әйел затының өзіне тән талғам-мінезі болатыны секілді, әрбір гүлдің де өзіндік мән-мағынасы, сыйлау әдебі бар. Әрбір нәрсе әдебімен әдемі ғой қашанда.
Басылым • 06 Наурыз, 2026
Шын сатирик «торғайды зеңбірекпен атып» әуре боп жатпайды. Жылы юмормен жымитып отырып-ақ, мақтаншақ, мансапқор атаулыны мақтамен бауыздайды. Бұл – үлкен өнер. Қазір осы өнерді әбден меңгеріп, жұртшылық көкейіндегісін дөп басып жүрген сатириктердің бірегейі – Берік Садыр. Оның жақында ғана мемлекеттік тапсырыспен шыққан «Е, бәсе» атты кітабының әр әңгімесі еріксіз езу тартқызады.