Тәрбие • Кеше
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Тәрбие – тал бесіктен» деген дана халқымыз табиғатты тіршіліктің тұтқасы санағаны белгілі. Байырғы көшпелі дүниетанымдағы ұрпаққа аманат етілген бұл ұғым бүгінде жаңа мазмұнда жаңғырып, экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Абылай хан дәуірінің тың деректері
Абай өңірінің көне тарихы кейінгі жылдары археологтер мен зерттеушілердің назарын ерекше аударып отыр. Семейдегі Шәкәрім университетінде болған республикалық ғылыми конференцияда осы өлкенің тарихи-археологиялық мұрасына қатысты алғашқы зерттеу нәтижелері жарияланып, жаңа деректер ғылыми айналымға ұсынылды. Ғалымдар далалық қазбалар мен архивтік құжаттарға сүйене отырып, Абай даласының көне өркениеттік қабаттарын және Абылай хан дәуіріне қатысты тың тарихи мәліметтерді де ортаға салды.
Өнер • 19 Наурыз, 2026
Абай елінде «Семей көктемі» мәдени маусымы басталғалы қала сахнасынан ұлттық бояуы қанық, мазмұны терең кештер үзілмей келеді. Соның бірі – елімізге белгілі дәулескер күйші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры Секен Тұрысбектің «Көктемім менің, көктемім» атты шығармашылық кеші – Семей жұртшылығына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Абай облысында биыл Наурыз мейрамы жаңа мазмұнда өтіп жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында өңірде 300-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ.
Мирас • 14 Наурыз, 2026
Құсбегілердің қанжығасы майланды
6–8 наурыз аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 10 елінен құсбегілер қатысып, шеберлік сынасты. Қазақстан құрамасы сапында үш құсбегі барды. Солардың қатарында Абай облысы Үржар ауданының тумасы Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2026
Баспана – қоғам тұрақтылығының кепілі. Абай облысында тұрғындарды үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс өз жемісін беріп, Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Ел анасы, ерте оянған санасы...
Қазақ тарихына үңілсек, ел тағдырына араласқан қайсар қыздардың ізі әр кезеңнен табылады. Олардың арасында отты ХІХ ғасырда шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, білімде, ғылымда, журналистикада, саясат пен мемлекеттік басқаруда да жол ашқан тұлғалар болды. Қиын дәуірдің кедергілеріне қарамастан, заманының көкжиегін кеңейтіп, қазақ әйелінің көрегендігін көрсетті.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2026
Еліміздегі агросектор бір ғана астықпен өлшенетін кезеңнен өтті. Бүгінде ел әлемдік нарықта күнбағыс майын экспорттаушы ТОП-ондықтың 8-сатысына көтеріліп, ал Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын жеткізуде алғашқы үштікке енді. Ендігі міндет – шикізатты сыртқа шикілей шығара бермей, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды арттыру.
Жастар • 20 Ақпан, 2026
Былтыр сәуір айында Мемлекет басшысының жастар саясатын дамытуға қатысты тапсырмасына сай, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы құрылған болатын. Осы ретте, аталған басқарманың атқарған жұмыстарына шолу жасаған едік.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әңгіме арқауы – руханият мәселесі
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Берік Уәли жергілікті ақын-жазушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Оған қала-аудандардан келген зиялы қауым өкілдері, айтыскерлер, жазба ақындар мен қаламгерлер қатысты. Жиында өңір басшысы әуелі қалам ұстаған қауымның қоғамдағы орнына тоқталды.