Экономика • Бүгін, 11:08

Цзянсу провинциясының өңірлік хабы Астанада жұмысын бастады

1 мин
оқу үшін

Астанада Қытайдың Цзянсу провинциясының Орталық Азиядағы орталығының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Цзянсу провинциясының өңірлік хабы Астанада жұмысын бастады

Орталықтың ашылуы «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетіп, 49 миллиард АҚШ долларын құрады.

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Жаңа орталық қытайлық компанияларға қызмет көрсететін хаб ретінде жұмыс істейді. Ол консультациялық қолдау көрсетіп, көрме қызметін дамытуға және электрондық коммерция саласындағы жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, тараптар логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан өнімдерінің Қытайдың Jiangsu провинциясына экспорт көлемін арттыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10