Қоғам • Бүгін, 09:52

Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

1 мин
оқу үшін

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электромобильдердің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

Фото: Колеса.кз

Бұл шектеуге Тұйықсу шатқалының тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, өз үйіне жету үшін Шымбұлақ арқылы өтуге мәжбүр болғанымен, қолданыстағы ереже оған мүмкіндік бермеген. Сонымен қатар, Тұйықсу аумағында асфальт жолдың болмауы электромобильмен қатынауды қиындатады.

Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады

Сот шешіміне сәйкес, мұндай шектеулерді енгізуге Алматы әкімдігінің құзыреті болмаған. Заң бойынша бұл мәселе мәслихат деңгейінде қаралып, шешілуі тиіс.

Сот отырысында кез келген ереже немесе шектеу оның ықпалына түсетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескеруі қажет екені атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10