Фото: istockphoto.com
Сот отырысында ол Zeekr көлігінің жүргізушісі Александр Пакты кешіргенін, оған қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.
«Мен Томирис Қадырбектің анасы ретінде айыпталушыға ешқандай талабым жоқ. Сот заң аясында қалай шешсе сол шешіммен келісемін», деді Арайлым Есенбаева.
Оның айтуынша, кінәлі қылмысына қатысты шын жүректен өкініш білдіріп, моральдық және материалдық шығынды толық өтеген.
Айта кетейік, қайғылы жол апаты 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында болды. Тергеу деректеріне сәйкес, Zeekr көлігін басқарған Александр Пак қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.
Бұған дейінгі сот отырысында екі жәбірленуші тарапайыпталушыны кешіргенін және оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан болатын.