Қоғам • Бүгін, 11:18

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Фото: Polisia.kz

Ұландықтар қоғамдық тәртіпті қадағалауға, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, жолаушылар қозғалысын реттеуге көмектеседі.

Станциялардағы тұрақтылықты үйлестіру қажеттілігі жолаушылар ағынының және тұрғындардың жаңа көлік объектісіне деген сұранысының артуына байланысты туындап отыр.

LRT-ны тоқтатқан жолаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қоғамдық тәртіп әскерінің сарбаздары станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарады. Дәлірек айтсақ, азаматтарға көмек көрсетеді және жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Негізгі міндет – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ қоғамдық құқықбұзушылықтардың алдын алу. Азаматтардың қауіпсіздігіне және төтенше жағдайларға жол бермеуге ерекше назар аударылады.

Бір билетпен екі адам өтуге болмайды: LRT басшылығы жолаушыларға ескерту жасады

Қазір қызмет 17 станцияда екі ауысымдық режиммен жүргізіліп жатыр. Станцияларда жолаушылар ағынын реттеуге және тұрақтылықтың сақталуына басымдық беріліп отыр. Аталған шаралар полиция қызметкерлерімен, көлік қызметтерінің өкілдерімен және LRT әкімшілігімен тығыз бірлесіп ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар