Мәдениет • Бүгін, 17:54

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды

1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент атынан Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды

Фото: gov.kz

Министр Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ отандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, «Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады

«ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевқа бұл марапат Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай беріліп отыр. Министрлік мәліметінше, композитор-музыкант бұған дейін жеке жағдайына байланысты бұған дейін салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің «Көкжиектен асқан үн» жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинаған еді.

Соңғы жаңалықтар