Фото: kursiv.media
Статистикаға сәйкес, 1 сәуірде Қазақстан халқының саны 20 547 909 адам болған. Осылайша, бір ай ішінде тұрғындар саны 15 мыңнан астам адамға көбейсе, жыл басынан бері өсім 63 171 адамды құрады.
Халықтың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала тұрғындарының саны 13 153 726 адамға жеткен. Елдегі ең ірі мегаполис мәртебесін Алматы қаласы сақтап отыр. Қазір шаһарда 2 362 463 адам тұрады.
Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асқан қалалар қатарында Астана мен Шымкент бар. Елорда тұрғындарының саны 1 668 750 адамды, ал Шымкент халқы 1 305 620 адамды құраған.
Халқы 1 миллионнан асатын өңірлер қатарында:
- Түркістан облысы – 2 146 817 адам;
- Алматы облысы – 1 609 784 адам;
- Жамбыл облысы – 1 214 040 адам;
- Қарағанды облысы – 1 131 090 адам.
Ал тұрғындар саны ең аз өңірлер ретінде:
- Ұлытау облысы – 218 251 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 512 702 адам;
- Абай облысы – 593 892 адам көрсетілген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі халық санының тұрақты өсімін көрсетіп отыр. Сарапшылар мұны табиғи өсім мен көші-қон үдерістерінің оң серпінімен байланыстырады.
Айта кеткен жөн, ұлттық статистиканы цифрлық трансформациялау үдерісі жаңа кезеңге аяқ басты.