Оқиға • Бүгін, 10:05

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Фото: Ақорда

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

1

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

2

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

3

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар