Алматы • Бүгін, 09:47

Менторлықтан бастап кәсіби қадамға дейін: Tañdauym бағдарламасы өз жұмысын аяқтады

6 мин
оқу үшін

28 мамырда Алматы қаласында Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия Қорының серіктестігі аясында жүзеге асырылған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының алғашқы циклі салтанатты түрде қорытындыланды. Алты ай бойы техникалық, инженерлік және өндірістік мамандықтарда білім алып жатқан 30 студент қызға менторлық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Менторлықтан бастап кәсіби қадамға дейін: Tañdauym бағдарламасы өз жұмысын аяқтады

Tañdauym бағдарламасы 2025 жылы техникалық және өндірістік бағыттарды таңдайтын қыздарды қолдау мақсатында іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – олардың кәсіби ортаға қолжетімділігін кеңейту, рөлдік модельдермен танысуына және индустрияны тәжірибе арқылы тереңірек түсінуіне мүмкіндік беру.

Бағдарламаға Алматы қаласындағы 7 жоғары оқу орнынан 172 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 3-4 курс студенттері арасынан 30 студент қыз стипендиат атанды.

Бағдарлама бірнеше қолдау бағыттарын біріктірді. Әр қатысушы CCI Kazakhstan зауыттарының қазіргі қызметкерлері қатарынан жеке менторға ие болды – жобаға жалпы 16 ментор қатысты. Бағдарлама барысында келіссөз жүргізу, конфликттерді басқару, стресс-менеджмент, ассертивті мінез-құлық және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына арналған soft skills бойынша 5 тренинг өткізілді.

Бағдарламадағы жеке бағыттардың бірі – комьюнити-кездесулер мен мансаптық іс-шаралар болды. Қатысушылар үшін 7 тақырыптық кездесу ұйымдастырылды, оның ішінде «Өндірістегі әйел көшбасшылар: мансапты бастау мен кәсіби өсу үшін не маңызды?» атты панельдік пікірталас, Women in Business форумына қатысу, сондай-ақ өндірістік саладағы қазіргі мамандармен кездесулер өтті.

Маркетинг бөлімі 

«Бағдарламаға қатысқаннан кейін мамандықтағы «жалғыздық» сезімі мүлде жоғалды. Tañdauym қауымдастығы – бұл тәжірибе, қорқыныштарымыз бен жетістіктерімізді еркін бөлісетін қауіпсіз орта», деді бағдарлама қатысушысы Жансая Молдахметова.

Бағдарламаның практикалық бөлігі CCI Kazakhstan және Astana Motors зауыттарына жасалған сапарларды қамтыды. Бұл студент қыздарға нақты өндірістік үдерістермен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 28 қатысушы өз қалауы бойынша таңдалған курстарға – ағылшын тілі мен IELTS-ке дайындықтан бастап AutoCAD, Excel, HACCP және жасанды интеллект бойынша курстарға білім  гранттарын иеленді.

Бағдарлама қорытындысы бойынша бір қатысушы CCI Kazakhstan компаниясында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды, ал тағы төрт студент қыз компанияның амбассадорлары атанды.

«Менің өз-өзіме деген сенімім артты. Техникалық мамандықтар тек ер адамдарға арналған деген стереотипті жеңдім. Сонымен қатар, мені түсінетін және мені маман ретінде көретін қолдаушы орта мен ментор таптым», деп бөлісті бағдарлама қатысушысы Гүлназ Шайхы.

Қорытынды сауалнама нәтижелеріне сәйкес, қатысушылардың 100%-ы бағдарламаны басқа студент қыздарға ұсынуға дайын екенін білдірген. 97%-ы өз-өзіне деген сенімінің артқанын атап өтті, сондай-ақ 84%-ы бағдарламаның мансаптық мақсаттарын айқындауға көмектескенін, ал 87%-ы менторлармен өзара жұмысты тиімді деп бағалаған.

«Комьюнити-кездесулерден және ментормен қарым-қатынастан кейін мен soft skills дағдыларының да маңыздылығы кем емес, кей жағдайларда тіпті маңыздырақ екенін түсіндім. Маған жұмыс берушілер үшін не маңызды екені, сұхбат кезінде сұрақтарға қалай жауап беру керек және өзімді қалай дұрыс таныстыру қажет екені туралы түсінік қалыптасты», деді бағдарлама қатысушысы Айгерім Дармеш.

Маркетинг бөлімі 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Tañdauym бағдарламасының алғашқы циклі техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарды жүйелі түрде қолдауға жоғары сұраныс бар екенін көрсетті. Бағдарлама форматы кәсіби дамуды, мансаптық бағыт-бағдарды және қолдаушы қауымдастық қалыптастыруды біріктіріп, қатысушыларға өндірістік және инженерлік салаларда өз мансабын сенімді түрде құруға мүмкіндік берді.

CCI – Anadolu Group құрамына кіретін халықаралық сусын өндіруші түрік компаниясы. Компания Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзербайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түркменстан және Сирияда  жұмыс істейді. CCI The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіріп, сатады. Сондай-ақ Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirket) еншілес компаниясы арқылы концентратталған жеміс шырынын шығарады.

Маркетинг бөлімі

CCI құрамында 10 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, компания 12 елде 3 жеміс өңдеу зауыты мен 36 құю зауытын басқарады, 600 миллионнан астам адамға өнімдерін ұсынады. Газдалған сусындармен қатар өнімдер портфеліне шырындар, су, спорттық және энергетикалық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.

CCI акциялары Borsa Istanbul (BIST) қор биржасында «CCOLA.IS» символымен саудаланады.

КҚ «Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) – Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым. Қор осал топтарды қолдау, ҮЕҰ әлеуетін арттыру, білім беру және жастарды қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобарларды іске асырады.

Қор адамдарға экономикалық тұрақтылыққа жетуге және азаматтық белсенділікке қатысуға қажетті білім, ресурстар мен құралдарды ұсынады. Сонымен қатар, корпоративтік сектормен белсенді ынтымақтастық орнатып, ESG басымдықтарына сәйкес тұрақты жобаларды іске асырады және бизнесті сенімді жергілікті серіктестермен біріктіреді.

Соңғы жаңалықтар