Экология • Кеше

Қазақстанда құлан популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның орталық өңірлерінде құлан популяциясын қайта қалпына келтіру бағдарламасы 2017 жылы басталған. Осы уақыт аралығында Торғай даласына 35 құлан жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда құлан популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, мамыр айының ортасында құлан аналықтарының бірі құлындаған.

«Бұл аналық өткен жылдың қыркүйегінде «Алтын-Емел» ұлттық паркінен жеткізілген топпен бірге келген болатын. Жаз мезгілінде олардың барлығы – 20 құлан Қостанай облысының оңтүстігіндегі «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жіберіледі», -  делінген қауымдастық хабарламасында.

Құландардың саны қаншаға жетті?

Соңғы бес жылда Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы Орталығы мамандарының бақылауындағы арнайы қоршауда туған бұл үшінші құлын. Сонымен қатар, жабайы табиғатта туған тағы кемінде төрт құлын туралы мәлімет бар.

Соңғы жаңалықтар