Облыс және министрлік басшылығына егін шаруашылығы мен ет бағытындағы мал шаруашылығына маманданған кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Бүгінде «NamysGroup» 14,5 мың гектар алқапта дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өсірумен айналысып, сондай-ақ ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып отыр. Кәсіпорын заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған және 42 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кәсіпорындардың дамуы өңір экономикасын нығайтуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін айтты.
Ауыл шаруашылығы министрі аграрлық секторды одан әрі жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.
Сапар барысында сондай-ақ Станционный кентінде «Unicorn Feed Limited» жеке компаниясының құрама жем зауытының құрылыс алаңы да араланды.
Айта кетейік, Ақмола облысында 2 мыңнан астам шаруашылық егіс жұмыстарын толық аяқтап үлгерген.