Қазақстан • Бүгін, 13:35

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан жазда суды өзара қалай бөліседі?

1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер және Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келіп, үшжақты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан жазда суды өзара қалай бөліседі?

Фото: istockphoto.com

Бекітілген жұмыс режиміне сәйкес, жаз мезгілінде Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай аудандары диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін «Бахри-Точик» су қоймасынан су жіберіледі.

«Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», деді Нұржан Нұржігітов.

Қазақстан қазірдің өзінде су тапшылығы аймағында тұр: су ресурстарының 45%-ы трансшекаралық көздер арқылы қалыптасады

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары өңірдегі су ресурстарын ұтымды және өзара тиімді пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Атадан қалған ақ сауыт

Руханият • Бүгін, 12:10