Қоғам • Бүгін, 11:47

«Мифпен өмір сүруді доғарайық»: Қоғам қайраткері «Almaty Superski» жобасын қолдауға шақырды

1 мин
оқу үшін

«Almaty Superski» жобасы бойынша Алматыда өткен қоғамдық тыңдауларда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан туристік бастаманы қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мифпен өмір сүруді доғарайық»: Қоғам қайраткері «Almaty Superski» жобасын қолдауға шақырды

Фото: Kazakh Tourism Development

Сөз барысында спикер жобаны талқылау ұзақ уақыт бойы «мифтер мен қорқыныштар» аясында қалып қойғанын атап өтіп, аумақтың даму әлеуеті туралы айтты.

«13 жыл уақыт өтті. Бұдан не шықты? Қайғылы оқиғалар мен жарақаттар орын алып, қоқыс, тапталған соқпақтар мен ластанған аумақтар қалды», деген қоғам қайраткері инфрақұрылымның болмауы табиғатқа түсетін салмақты арттырғанына баса мән берді.

Көкжайлауда «Almaty Superski» курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау басталды

Сондай-ақ ол жоба аясында тұрғын үй құрылыстары жүргізілмейтінін жеткізді.

«Онда тұрғын үй кешендері де, қоршаулар да болмайды. Жер мемлекет меншігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады», деді Мұхтар Тайжан.

Қоғамдық талқылауда спикер сөзіне қатысушы жастар қолдау білдірді.  

Айта кетейік, «Almaty Superski» жобасы – Алматы қаласының маңында халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама. Жоба аясында қысқы туризмді (шаңғы, сноуборд) дамытумен қатар, жаяу серуен бағыттарын, экотуризмді дамыту көзделген. 

Соңғы жаңалықтар