Қоғам • Бүгін, 19:09

Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Маусым айынан бастап елордада электр энергиясының тарифі 12,5%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Әбжанов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін

Оның айтуынша, компания электр энергиясының шекті бағасын 1 кВт сағат үшін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеру туралы өтінім берген.

Тарифті өсіру туралы шешім электр энергиясын сатып алу және тасымалдау құнының қымбаттауына, KEGOC қызметтері бағасының өсуіне, қуат нарығындағы шығындардың артуына, сондай-ақ сараланған тарифтер мен тариф өсіміне жарияланған мораторий салдарынан туындаған шығындарды өтеу қажеттілігіне байланысты қабылданған.

Сонымен қатар, Әбжановтың айтуынша, тарифке елордадағы электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы да әсер еткен.

Соңғы жаңалықтар