Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы бір келі болатын 114 апиын капсуласын жұтып, жасырын өткізбек болған шетелдік азамат ұсталды.

Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген күдікті ұсталды.
Бұдан бөлек, ірі көлемдегі «көкнәр сабағын» контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, сондай-ақ аталған шикізаттан есірткі құралдарын өндіруге күдікті адамдардың тұрақты қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.
Барлығы 3,4 келі апиын, 9 келі гашиш, 11,4 келі синтетикалық есірткі, 18,5 келі гашиш майы, 26,4 келі марихуана, 110 грамм кокаин және 20 тонна көкнәр сабаны, сондай-ақ 150 литрден астам прекурсор тәркіленді.

Аталған құқықбұзушылықтар бойынша еліміздің 23 азаматы және 3 шетелдік ұсталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.