Әскер • Бүгін, 12:15

Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді

1 мин
оқу үшін

Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді

Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.

Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейтіндігі айтылып отыр.

Әуе қорғанысы күштері елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұрайды.

 Әуе қорғаныс күштері ескертеді:  

– барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді;

– түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Соңғы жаңалықтар