Спорт • Бүгін, 12:00

Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады

1 мин
оқу үшін

Бүгін Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы толық құраммен өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапындағы басты есімдердің бірі - әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан.

Қазақ жанкүйерлерінің басты назары Ризабекте болады. Еркін күрестен әлем чемпионы бұл жолы 125 келі салмақ дәрежесінде белдеседі. Ризабек дәл осы салмақта соңғы рет наурыз айында өткен Қазақстан чемпионатында күрескен еді.

Бүгінде Айтмұхан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы ретінде ел спортының басты жұлдыздарының біріне айналып отыр.

Еркін күрестен Қазақстан намысын Еламан Амангелді, Нұрданат Айтанов, Шаттық Алайдар, Маис Алиев, Нұрдәулет Сейілбеков, Ерхан Әбіл, Абылайхан Өзембаев, Бейбарыс Қасымбек және Камиль Куруглиев қорғайды.

Грек-рим күресінен Рауан Бекімов, Айбек Айтбеков, Диас Нұрақов, Дамир Ибрашов, Нұрмұхаммед Ибрахим, Әлихан Дурсунов, Кирилл Минько, Ерасыл Жеңіс, Ислам Евлоев және Джохар Узaров сынға түседі.

Әйелдер құрамасы сапында Лаура Ғанықызы, Фарида Әбдірахманова, Шұғыла Өмірбек, Алтын Шағаева, Виктория Хусаинова, Тыныс Дубек, Томирис Шайшова, Бейбіт Сейдуәли, Жібекжан Сабыржанова және Алина Ертөстік өнер көрсетеді.

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 23 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар