Астанада түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында тұман түсіп, түнде үсік болуы мүмкін. Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады.
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел өте қатты соғады.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болуы ықтимал. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер жаз мезгілі ыстық болатынын, бірақ жауын-шашын жиі түсетінін хабарлады.