Парламент • Бүгін, 09:35

Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды

1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отрысы аясында салалық комитеттер бірқатар жаңа заң жобасы мен құжаттарды жұмысқа қабылдады. Жаңа құжаттар алдағы уақытта Мәжіліс комитеттерінде жан-жақты қаралып, кейін жалпы отырысқа шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды

Атап айтқанда, депутаттардың қарауына Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылды.

Сонымен қатар Мәжіліске «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулердің екі пакеті келіп түскен. 

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту бойынша Жер кодексіне түзетулер қаралады.

«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

Депутаттар сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын талқылайды.

Еске сала кетейік, елордада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар