Саясат • Бүгін, 22:55

Владимир Путиннің Қытайға жасаған ресми сапары аяқталды

1 мин
оқу үшін

Путиннің Қытайдағы екі күндік ресми сапары аяқталды. Сапар басында Бейжің әуежайында да сап түзеп қарсы алған  құрметті қарауылы, Ресей басшысын кетер кезде де дәл солай шығарып салды. Ресей-Қытай келіссөздерінің нәтижесінде 40-тан астам құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Владимир Путиннің Қытайға жасаған ресми сапары аяқталды

Фото: Kremlin.ru

Ресей президент Владимир Путин Қытайға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ресми сапар жасады. Ресей делегациясының ресми кездесу рәсімі Тяньаньмэнь алаңында өтті. Оған Қытай Халық-азаттық армиясының құрметті қарауылы қатысты.

Сапардың екінші күні екі ел көшбасшыларының тар және кең форматтағы келіссөздері өтті. Ресей тарапынан кеңейтілген кездесуге вице-премьерлер, Министрлер, Президент әкімшілігі және ірі бизнес өкілдері қатысты. Олардың қорытындысы бойынша тараптар 40-қа жуық екіжақты құжатқа қол қойды.

Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуінде қандай мәлімдеме жасалды?

Сапар екі ел арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылуының 25 жылдығына орайластырылды. Си-мен келіссөздерден кейін Ресей Президенті Қытаймен қарым-қатынас бұрын соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін және жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара әрекеттестіктің үлгісін ұсынатынын айтты. ҚХР Төрағасы өз кезегінде Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейіне саяси өзара сенім мен стратегиялық ынтымақтастықты ұдайы тереңдетуге ықпал еткенін айтты.

Соңғы жаңалықтар