Фото: Ашық дереккөз
Осыған байланысты ағылшын клубының өкілдері футболшының анасы әрі агенті Файза Ламаримен байланысқа шыққан. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Алонсо мен Мбаппе арасында мадридтік клубтағы бірлескен жұмыс кезінде жақсы қарым-қатынас қалыптасқан.
Бұған дейін шетелдік БАҚ-та футболшының «Реалдағы» жағдайына көңілі толмайтыны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, «Бетиске» қарсы матч алдында Мбаппе мен бапкерлер штабы мүшелерінің бірі арасында келіспеушілік болғаны хабарланған.
Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды
Сондай-ақ жанкүйерлер корольдік клубтың соңғы уақыттардағы сүреңсіз ойын көрсетіп жүргендігін клуб көшбасшылары Мбаппе мен Винисиус Жуниордің қарым-қатынасымен байланыстырады. Еске сала кетсек, бұған дейін испандық клуб ойыншылары арасындағы жанжал туралы жазған едік.