Фото: Ашық дереккөз
Құжатта Қазақстан аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – облыстар, аудандар, қалалар, ауылдар және өзге де елді мекендердің мәртебесі айқындалған. Сонымен қатар оларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі реттеліп, тиісті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері белгіленген.
Заңда әкімшілік-аумақтық өзгерістерді қараудың нақты құқықтық критерийлері енгізіліп, шешімдер әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне негізделе отырып қабылданатыны көзделеді.
Бұдан бөлек, цифрландыру талаптарына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың шекараларын «Мекенжай тіркелімі» жүйесінде есепке алу және тіркеу тәртібі бекітіледі.
Сондай-ақ елді мекендердің шекараларын белгілеу мен өзгерту бас жоспарлар мен даму схемалары негізінде жүзеге асырылып, қала құрылысы мен аумақтық жоспарлау арасындағы байланыс күшейтіледі.
Сондай-ақ, Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Президент пен Құрылтай өкілеттіліктері туралы Конституциялық заңдар қабылданып, елорда мәртебесі заңмен бекітілді.