Әлем • Бүгін, 11:00

39 бала әлі тұтқында: Нигерияда қарулы топ мектептерге шабуыл жасады

1 мин
оқу үшін

Нигерияның оңтүстік-батысында қарулы топтар 39 оқушы мен жеті мұғалімді ұрлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

39 бала әлі тұтқында: Нигерияда қарулы топ мектептерге шабуыл жасады

фото: aa.com.tr

Шабуыл бірден үш білім беру мекемесіне – колледж бен екі бастауыш мектепке жасалған. Reuters агенттігінің мәліметінше, қарулы шабуыл кезінде қаскөйлер оқу ісінің меңгерушісін және кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғынды атып өлтірген. Кейін тұтқында болған тағы бір мұғалім де қаза тапқан.

Кепілге алынғандарды құтқару операциясы барысында арнайы жасақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға тап болып, бірнеше құқық қорғау қызметкері жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, осы іске қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталған. Алайда ұрланған балалар әлі күнге дейін босатылған жоқ. Оларды құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты

Бұған дейін Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті.

 

Соңғы жаңалықтар