Фото: Ашық дереккөз
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84%-ы елдің даму бағытын оң бағалаған. Ал ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2%-ды құрайды.
Гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2%-ды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3%-ға артық. Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3%.
Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады
Сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалар да айтарлықтай өсетіні байқалып отыр. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.
Айта кетейік, 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілген сауалнамаға 8 000 респондент қатысқан.
Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті
Еске сала кетейік, бұған дейін ел тұрғындарының 41 пайызы отбасыны ұрпақ жалғастырумен байланыстыратындығын жазған едік.