Энергетика • Бүгін, 13:01

Қазақстанның көмірі қанша ғасырға жетеді?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөлін сақтап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елде көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрап, оның 30 млн тоннасы шетел нарығына экспортталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның көмірі қанша ғасырға жетеді?

Фото: Ашық дереккөз

Бүгінде Қазақстан көмірі Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия және басқа елдерге экспортталады. Энергетика минситрлігінің мәліметінше, 2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта салада 40 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді.

Көмір секторына 2025 жылы тартылған инвестиция көлемі 305 млрд теңгені құраса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 553 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп күтіледі.

Еуропада Қазақстан көміріне сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр

Еске сала кетейік, Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі саналады. Бүгінде еліміз әлемде көмір қоры көлемі жөнінен 10-орында тұр. Министрлік мәліметінше, елдегі жалпы көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды, бұл қазіргі өндіріс деңгейімен есептегенде 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынатындығын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар