Оқиға • Бүгін, 15:00

«Өлім жазасына дайынмын»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының Жангелдин ауылында болған бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысында күдікті қандай жаза түрі болса да арқалауға дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өлім жазасына дайынмын»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев өз әйелінің туыстарын – қайын атасын, қайын енесін, сондай-ақ әйелінің ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген. Ол сот отырында қылмыс жасауына ұзақ жылдар жалғасқан отбасылық жанжал себепкер болғандығын айтты.  

«Мен соңына дейін отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Әйеліммен он жыл бірге тұрдық. Егер арамызда сыйластық пен байланыс мүлде болмағанда, осынша уақыт бірге өмір сүрмес едік. Осы уақыт ішінде мен отбасым үшін еңбек еттім, балаларымды өсіруге, үйдің жағдайын жасауға барымды салдым. Алайда уақыт өте келе отбасымызға сырттан араласулар көбейді. Әйелімнің туыстары балалар арқылы қоқан-лоқы жасай бастады», деді күдікті сот отырысында. 

Сондай-ақ ол ата-енесін қасақана өлтіргенін де мойындап, өлім жазасына да келісетіндігін жеткізді. 

«Мен балаларымды анасынан да, әкесінен де, туған әжесінен де ажыратқым келген жоқ. Керісінше, олардың толыққанды отбасында өскенін қаладым. Бірақ соңғы уақытта барлық күш-жігерім таусылып, психологиялық тұрғыдан қатты шаршадым. Сондықтан маған жасалған қылмыстарға қасақана қастандықпен жауап бердім. Осы жасаған әрекетім үшін барлық жаза түріне – өмір бойы бас бостандығынан айыруға да, өлім жазасына да дайынмын», деді С.Сәрсемәлиев. 

Бұған дейін күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысты бір уақытта емес, кезең-кезеңімен жасағанын жазған едік. Бірінші оқиға мамыр айында тіркелсе, қалған үш адам қараша айында қаза тапқан. Қылмыстың ауырлығына байланысты күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Ақбаянға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар