Өндіріс • Бүгін, 09:52

Әлемдік бренд өнімдері Қазақстанда шығарылатын болды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan басшылығымен кездесу өткізіп, елде тексеру-өткізу жабдықтарын өндіру жобасын талқылады. Жиынға сондай-ақ Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік бренд өнімдері Қазақстанда шығарылатын болды

Кездесу барысында импортты алмастыру және электронды өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың бірі – Nuctech өнімдерін Қазақстан аумағында шығару мәселесі қаралды.

Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту, транзиттік әлеуетті күшейту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі стратегиялық хаб ретіндегі рөлін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүзеге аспақ.

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды

Жоспар бойынша өндіріс қуаттары 2026 жылдың соңына қарай іске қосылады. Кәсіпорында Kylin Ti және XT2100 секілді заманауи тексеру кешендері, сондай-ақ жүк пен багажды тексеруге арналған CX180180D және CX100100D рентген-телевизиялық қондырғылары шығарылмақ.

Жаңа өндіріс Инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында орналасады.

Сонымен бірге жоба аясында сервистік орталықтар желісі мен қосалқы бөлшектер қоймасы құрылып, жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама электронды өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық мамандардың біліктілігін арттыруға және шетелдік өнімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан әскери мақсаттағы дрон өндірісін қаншалықты жолға қойды?

Жоба жүзеге асқан жағдайда, отандық өндірістегі тексеру жүйелері түзеу мекемелері, теміржол вокзалдары, әуежайлар мен стратегиялық нысандардағы қауіпсіздік инфрақұрылымын жаңғыртуға пайдаланылмақ.

Айта кетейік, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына жаңа бағыт ретінде қарасора өсіріледі.

Соңғы жаңалықтар