Алматы • Кеше

7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қала аумағын қамтыған ауқымды сейсможаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметі 7 баллдық жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібін пысықтады. Оқу-жаттығуға 1000-нан астам ТЖД қызметкері мен бірқатар арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.

7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті

Фото: ТЖМ

Алдын ала қала тұрғындарына сирена дыбысы естілетіні және MassAlert жүйесі арқылы хабарлама жіберілетіні ескертілген. Дегенмен кейбір тұрғындар ескертуді естімегенін айтқан.

Алматыда жер сілкінді

Жаттығу қала бойынша 20 нүктеде өткізілді. Негізгі практикалық іс-шаралар салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында ұйымдастырылды. Мұнда құтқару қызметтері шартты жер сілкінісінің салдарын жою бойынша бірқатар әрекеттерді пысықтады.

«Әуе барлау Ми-8 тікұшағының көмегімен жүргізілді, құтқарушылар парашютсіз ғимарат төбесіне түсті, жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқару, үйінділерді аршу және зардап шеккендерді шығару, сондай-ақ биік ғимараттардағы өртті сөндіру жұмыстары орындалды», деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ

(Фото: ТЖМ, сейсможаттығу)

Сонымен қатар барлық ауданнан зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері ұйымдастырылды. Алматы-2 станциясынан азаматтарды автокөлік және теміржол арқылы эвакуациялау рәсімі де пысықталды. Қауіпті өндірістік нысандарда химиялық және биологиялық апаттарды жою сценарийлері орындалды.

2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болып, қала тұрғындары күтпеген дүмпулерден оянғаны мәлім. 

Соңғы жаңалықтар