Шешуші ойында Покатиловтың командасы «Зиряға» қарсы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Есепті матчтың 4-минутында «Зиря» ойыншысы Эрен Айдын ашты, үзілістен кейін ойын барысы өзгерді. 70-минутта Орфе Мбина таразы басын теңестірсе, 91-минутта Джой-Ланс Микелс жеңіс голын соқты.
Жеңіс голының шешуші нәтижелі пасын Стас Покатилов берді. Қазақстан қақпашысының пасынан кейін Микелс гол соғып, бакулық клубқа кубок жеңісін сыйлады.
Стас Покатилов 1992 жылы дүниеге келген, қазіргі таңда 33 жаста. Ол мансабында Қазақстанның «Ақтөбе», «Шахтер», «Қайрат», «Тобыл» клубтарында, сондай-ақ Ресейдің «Ростов» командасында ойнаған. Ал «Сабах» клубының сапында отандасымыз Әзербайжан чемпионы атанып, Әзербайжан кубогін де төбесіне көтерген.
Әлем чемпионаты алдындағы ойындар біздің футболшылар үшін жемісті өтіп жатыр. Бұған дейін Астана құрамасының ойыншысы Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасының тарихында әлем чемпионатына шақыртылған алғашқы футболшы атанғанын жазған болатынбыз.