Қоғам • Бүгін, 14:50

Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда әйелді көлікпен қағып кеткен іс бойынша тергеу бір ай ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады

«Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Біз тергеуді бір айлық мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз, автотехникалық сараптама алынғаннан кейін материалдар сотқа жіберіледі», деді С. Әділов.

Еске салайық, 9 мамырда Көкшетауда әйелді көлік қағып кетті. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Әйел оқиға орнында жан тапсырды. 

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Көлікті басқарған әйелде жүргізуші куәлігі болмаған және ол авто мектепте оқымаған. Күдіктіні үй қамағына алды. Оның күйеуі көлікті басқаруға бергені үшін жауапқа тартылады. Бұл үшін оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар