Сайлау • Бүгін, 13:23

Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Талқылауда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлау шығындары қай бюджеттен төленетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?

Фото: Ашық дереккөз

Қолданыстағы заң бойынша кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең мүмкіндік береді. Ал қазір заң жобасында «республикалық бюджет» деген ұғымды «мемлекеттік бюджет» деп ауыстыру ұсынылып отыр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Ұлттық экономика министріне сауал жолдады. 

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бюджетке жергілікті бюджет те кіреді. Осыған байланысты нақтылап айтсаңыз, бұл өзгерістер не үшін енгізіліп отыр және осыдан кейін сайлауға байланысты шығындар қай бюджеттен қаржыландырылады – республикалық па әлде жергілікті бюджеттен бе?», деді депутат.

Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады

Серік Жұманғарин өзгерістер енгізілген жағдайда сайлау шығындары қай бюджеттен төленетіндігін айтты. 

«Сайлауға байланысты ешқандай өзгеріс болмайды, бұрынғы заңдағы тәртіп сол күйінде қалады. Себебі президенттік сайлау, депутаттар сайлауы сияқты жалпыұлттық сайлаулар республикалық бюджеттен қаржыландырылады», деді Серік Жұманғарин. 

Минстрдің сөзінше, ауылдық әкімдер сайлауы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 

Еске сала кетейік, Мәжіліс бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматтардың сайлау комиссиясының құрамына кіруіне тыйым салатын заңды қабылдаған болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар