Оқиға • Бүгін, 15:43

Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда ана өлімін тиісті органдарға уақтылы хабар бермеген медициналық ұйымға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қалалық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Дамир Даулетбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған  перзентханаға айыппұл салынды

Оның айтуынша, босанған әйел қайтыс болған жағдайда медициналық ұйым 24 сағат ішінде бұл туралы департаментке, қалалық денсаулық сақтау басқармасына, әкімдікке және Денсаулық сақтау министрлігіне хабарлауы тиіс. 

«Өкінішке қарай, барлық медициналық ұйымдар бұл талапты уақтылы орындай бермейді. Жақында ана өлімі тіркелген жағдай болды. Осы бұйрықты орындамағаны үшін медициналық мекемеге әкімшілік айыппұл салуға мәжбүрміз», деді Дамир Даулетбаев.

Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді

Бұрын мұндай жағдайларда департамент прокуратура арқылы тексеру тіркеп, мәйітті сараптау қорытындысын күтетін. Алайда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге небәрі 10 жұмыс күні беріліп, бұл уақыт жеткіліксіз болатын. Өткен жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізіліп, «тергеу» ұғымы енгізілді. Енді мұндай тексеруге 30 күн бөлінеді, қажет болған жағдайда мерзім тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін. 

Департамент басшының айтуынша, жағдай тіркелген сәттен бастап тәуелсіз сарапшылар тартылып, тексеру прокуратурада тіркеледі. Бұдан соң құжаттарды зерттеу басталады.

Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды

Сондай-ақ мамандар медициналық құжаттарға қандай да бір өзгеріс жасалғанын анықтайды. Бұрын мұндай құжаттарға қатысты түрлі күмән туындап, жазбалар бір-біріне сәйкес келмейтін жағдайлар кездескен. Қазір өзгерістерді бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесі арқылы бақылауға болады.

Полиция тиісті медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуі немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін өзге де заңбұзушылық белгілерінің бар-жоғын анықтайды.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар