Оқиға • Бүгін, 12:19

Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тарады. Алматы облысының білім басқармасы бұл оқиғаның биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

Оқиға Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы «Жаңа қазақ орта мектебінде» болған. Мәліметке сәйкес, мұғалім 11-сынып оқушысына ескерту жасап, сабаққа кіруін талап еткен. Алайда оқушы бұл жағдайды агрессивті қабылдап, педагогқа шабуыл жасап, дене жарақатын келтірген.

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

«Осы факті бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», делінген өңірлік полиция департаментінің хабарламасында.

Павлодарда мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

Сонымен қатар білім басқармасының хабарлауынша, мектеп әкімшілігі, аудандық бөлім және полиция органдары тарапынан алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрболат АМАНБЕК

 
 
Соңғы жаңалықтар