Ауа райы • Бүгін, 09:31

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 11 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің 16 өңірінде түнгі үсік, найзағай, бұршақ, екпінді жел және өрт қаупі болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Ашық дереккөз

Астанада түнде топырақ бетінде -2°C үсік күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында түнде -3°C үсік болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде -1…-3°C үсік жүреді.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде кей жерлерде нөсер күтіледі. Жел екпіні 15-18 м/с. Іле Алатауының таулы бөлігінде, соның ішінде Медеу мен Бостандық аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанған. Жел екпіні 18–23 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Таулы аудандарда желдің екпіні 18-23 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Абай облысында күндіз-түні жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Кей тұста желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақтөбеде түнде 2°C үсік жүреді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жел күшейіп, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Кей жерде қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде де жаңбыр мен найзағай болжанған.

Жамбыл облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда да қолайсыз ауа райы сақталады.

Жетісу облысында жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ күтіледі. Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да найзағайлы жаңбыр болады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2°C үсік жүреді. Оралда да тұман болады.

Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады

Қарағанды облысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде -3°C үсік күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда топырақ бетінде -1…-3°C үсік болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 3°C үсік жүреді. Жел екпіні 15-20 м/с. Қостанайда топырақ бетінде -1…-3°C үсік күтіледі.

Қызылорда облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай, шаңды дауыл және шквал болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да найзағайлы жаңбыр күтіледі.

Павлодар облысында түнде 3°C үсік жүреді. Жел екпіні 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда топырақ бетінде -1…-3°C үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1–6°C аралығында үсік күтіледі. Күндіз жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда түнде -1…-3°C үсік болады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да түнде жаңбыр жауады.

Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында, соның ішінде Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар