Оқиға Семейдегі жаңа тұрғын үй кешенінің бірінде болған. Студент қосымша табыс табу үшін жұмыс істеп жүрген. Сол сәтте ол бетон араластырғышты тазалауға тырысқан кезде, құрылғы оның қолын тартып әкеткен.
Еңбек инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, қызметкермен еңбек шарты жасалмаған, еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілмеген, оқыту жүргізілмеген және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты да рәсімделмеген.
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Абай облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Темірлан Әміртаевтың айтуынша, жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік жүктелген.
«Жұмыс беруші еңбек шартын жасамағаны, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық пен оқыту жүргізбегені және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартының болмағаны үшін жауапқа тартылды», деді ол.
Степногорскте аурухана құрылысына бақылау жасамаған 2 шенеунік жауапқа тартылды
Жеке кәсіпкерге жалпы сомасы 692 мың теңге (160 АЕК) көлемінде алты әкімшілік айыппұл салынды. Зардап шеккен азаматқа келтірілген шығынды өтеу үшін сотқа жүгіну ұсынылды.
Айта кетейік, бұған дейін де ұқсас жағдай тіркелген еді. Кассациялық сот «Қазақмыс» компаниясының қызметкері бойынша істі қарап, төменгі соттардың шешімін өзгертіп, жұмыс берушінің 100% кінәсін анықтап, өтемақы төлеуді міндеттеген болатын.
Нұрболат АМАНБЕК