Фото: pixabay
Полиция мәліметінше, оқиға орнынан зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Көп ұзамай кісі өлтіруге күдікті ретінде жәбірленушінің танысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Алдын ала дерек бойынша, екі ер адам бірге алкоголь ішіп отырған кезде араларында жанжал туындаған. Даудың соңы қайғылы жағдайға ұласып, күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.
Мәйітті төсектің астына жасырған: Солтүстік Қазақтан облысында әйел танысын балтамен ұрып өлтірген
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.