Тексеру барысында мектептер медициналық тексеру қызметтерін сатып алу бойынша конкурс жариялау кезінде қызметкерлердің жеке деректерін мемлекеттік сатып алу порталына орналастырғаны белгілі болды. Ашық қолжетімділікте үй мекенжайлары, анкеталық мәліметтер және телефон нөмірлері болған.
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қадағалау органының мәліметінше, жеке деректердің ашық жариялануы еңбек заңнамасын бұзып қана қоймай, оларды алаяқтық мақсатта пайдалануға қауіп төндірген.
Прокуратураның араласуынан кейін 2 065 қызметкердің жеке деректері порталдан жойылды. Бұзушылыққа жол берген тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар Қазақстанда жеке деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұлдарды 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Нұрболат АМАНБЕК